ПОДЕЛИТЬСЯ
02 қаңтар 2024 | 09:13
Талдықорғанда Жаңа жылды тойлаудың соңы қырғынмен аяқталды
Талдықорғандағы көңіл көтеретін мекемелердің бірінде Жаңа жыл мейрамының құрметіне арналған жиынның соңы жанжал мен төбелеске ұласты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Талдықорғандағы көңіл көтеретін мекемелердің бірінде Жаңа жыл мейрамының құрметіне арналған жиынның соңы жанжал мен төбелеске ұласты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде оқиға орнынан түсірілген видео тарады. Кадрларда жастардың бір-бірін қалай ұрғаны, үстелдердің үстінен секіргені, ыдыс-аяқ және басқа да заттарды лақтырғаны көрсетілген.
Жетісу облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұл дерек 29 желтоқсанда Талдықорғанда тіркелген. Оқиға орнына жеткен жасақ жанжалға қатысушыларды қалалық полиция бөліміне жеткізді. Зардап шеккендер жоқ. Мекеме әкімшілігі, сондай-ақ қақтығысқа қатысушылар бір-біріне арыз жазудан бас тартқан.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабының 2-бөлігі ("Адамдар тобы жасаған бұзақылық") бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также