28 наурыз 2023 09:26

Талдықорғанда Қайрат Нұртас түсіп қалған видеоға қатысты полиция пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент
© instagram/kair_n

Әнші Қайрат Нұртас отырған көлік жүргізушісі Талдықорғанда жол ережесін бұзған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әнші Қайрат Нұртас отырған көлік жүргізушісі Талдықорғанда жол ережесін бұзған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желіде оқиға орнынан видео тараған болатын. Роликте Қайрат Нұртас көліктің артында отырғанын көруге болады. Кейін полиция Mercedes-Benz көлігін анықтап, жүргізішісі жазаланған.

Реклама
Реклама

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 45 жастағы көлік жүргізушісі Алматы қаласында ұсталып, ҚР ӘҚБтК-нің 601-бабы ("Жол белгілерінде көзделген талаптарды орындамау" – еск.) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жетісу полициясы азаматтарға белсенді азаматтық ұстанымы, құқық бұзушылыққа төзбеушілік танытып, құқық қорғау органдарына көмек көрсеткені үшін алғысын білдіреді", - деді Жетісу облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram