Талдықорғанда оқушы қызды бірнеше жасөспірім ұрып-соқты: арнайы комиссия құрылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Жетісу облысының әкімдігі Талдықорғанда оқушы қызды ұрып-соғу оқиғасының мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жетісу облысының әкімдігі Талдықорғанда оқушы қызды ұрып-соғу оқиғасының мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, оқиға Талдықорғандағы пәтерлердің бірінде сабақтан тыс уақытта болған.

"Облыс әкімдігі білім басқармасының, құқық қорғау органдарының, білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің өкілдерінен тұратын арнайы комиссия құрылды. Олар оқитын мектептің тәрбие жұмысына тексеру жүргізіледі. Зардап шеккен қызға барлық қажетті психологиялық көмек көрсетіледі. Дене күшін көрсеткен қыздарды одан әрі оқыту мәселесі қаралатын болады", - деп хабарлады өңірдің білім басқармасы.

Реклама
Реклама

Қазіргі уақытта осы дерек бойынша әкімшілік іс жүргізу басталғаны атап өтілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама