03 қаңтар 2023 | 16:01

Талдықорғанда оқушы ұрланды: полиция түсінік берді

Талдықорғанда 15 жастағы оқушыны ұрлап кетті деген ақпарат расталмады. Бала табылып, ата-анасына тапсырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-rе сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талдықорғанда 15 жастағы оқушыны ұрлап кетті деген ақпарат расталмады. Бала табылып, ата-анасына тапсырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-rе сілтеме жасап.

2 қаңтарда Талдықорған полициясына 15 жастағы оқушыны ұрлау ұрлап кетті деген хабарлама келіп түсті. Мәлімдемеде қалалық шағын аудандардың бірінде кәмелетке толмаған адамды бірнеше ересек ер адамдар күш қолданып алып кеткен деп көрсетілген, бұған оның бөлесі куә болған.

Полиция қызметкерлері жақын маңдағы тұрғын үйлерді қарап шықты, сонымен қатар, қаланың барлық салынып жатқан құрылыс объектісін тексеріп, көшедегі бейнебақылау камераларын қарады. Сонымен қатар, жедел уәкілдер кәмелетке толмаған баланың ата-анасының үйінен өздігінен кеткені туралы нұсқаны тексерді. Нұсқа ақыры куәгердің "ұрлау" туралы қосымша сауалнамасынан кейін расталды.

Реклама
Реклама

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында оқушының орналасқан жері анықталды. Кәмелетке толмаған бала туыстарына Сарқанға барған, оны полиция қызметкерлері сол жақтап іздеп тауып, Талдықорғанға жеткізді.

Жасөспірім ата-анасының үйіне қайтарылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram