Талдықорғанда ірі шетелдік университеттің филиалы пайда болуы мүмкін

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

Талдықорғанда ірі шетелдік университеттің филиалы пайда болуы мүмкін. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу өңірінің жұртшылығымен кездесуінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Талдықорғанда ірі шетелдік университеттің филиалы пайда болуы мүмкін. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу өңірінің жұртшылығымен кездесуінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өздеріңіз білесіздер, бұған дейін мен Қазақстанда әлемнің жетекші бес техникалық университетінің филиалын ашу туралы бастама көтерген болатынмын. Менің тапсырмам бойынша Үкімет облыс әкімдігімен бірлесіп, Талдықорғанда ірі шетелдік технологиялық университеттің филиалын құру мәселесін пысықтап жатыр", - деді Мемлекет басшысы.

Тоқаевтың айтуынша, өңірдің ерекшеліктерін ескере отырып, университет ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, туризм және цифрлық технологиялар саласындағы мамандарды дайындайтын болады. Бұл өңірден жастардың кетуін азайтып, жергілікті экономиканы жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама