22 наурыз 2019 | 09:42

Талдықорғандағы басты даңғылға Тұңғыш Президенттің аты берілді

Дина Муратова Редактор

Талдықорғандағы ең сұлу әрі ең ұзын көшелердің біріне Елбасының аты берілді. Көктемнің басты мерекесінде осы аймақтың басшысы мен мәслихат өкілдері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қалалардың ең ірі көшелеріне Нұрсұлтан Назарбаевтың атын беру ұсынысын қолдады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Талдықорғандағы ең сұлу әрі ең ұзын көшелердің біріне Елбасының аты берілді. Көктемнің басты мерекесінде осы аймақтың басшысы мен мәслихат өкілдері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қалалардың ең ірі көшелеріне Нұрсұлтан Назарбаевтың атын беру ұсынысын қолдады.

Реклама
Реклама

Бүгіннен бастап Нұрсұлтан Назарбаевтың монументі қойылған қаланың ең үлкен даңғылының атын өзгертуге кірісіп кетті.

Осыған дейін, қалалық әкімдік пен мәслихаттың шешіміне дейін бұл облыс орталығындағы көшенің аты "Тәуелсіздік" болған. Ал оған дейін Ленин даңғылы болған. Бұл көше Еркін ауылдық округінде орналасқан айналма жолдан бастау алып, Қадырғали Жалайыр көшесіне дейін жалғасады. Көшенің ұзындығы 6,8 шақырымды құрайды. Ал ені - 16-18 метр. Көше қаланың барлық жерін қамтыған және онда қазақ халқының танымал қоғам қайраткерлеріне ескерткіш қойылған. Талдықорғандағы Нұрсұлтан Назарбаев даңғылында бүгінгі күні облыс орталығының 35 000-нан аса адамы тұрады.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная