Талдықорғандағы дәмханада төбелес шығарғандар қамауға алынды

Талдықорғандағы дәмханада төбелес шығарғандар қамауға алынды instagram

Талдықорғанда дәмханада төбелес шығарғандар қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жетісу облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Талдықорғанда дәмханада төбелес шығарғандар қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жетісу облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу барысы ерекше бақылауға алынды.

"Оқиға орнына келген полицейлер қақтығысқа қатысушыларды қалалық әкімшілікке жеткізді. Оқиға ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігінде көзделген факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмысын бастап, сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізілімінде ҚР Қылмыстық кодексі ("Адамдар тобында жасалған бұзақылық") деп тіркелді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Полицияға дәмхана әкімшілігі хабарласқан. Төбелеске қатысқан 3 азамат Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Қылмыстық іс ерекше бақылауға алынды. Тергеу барысында іске қатысушы әр тұлғаның әрекетіне тиісті баға беріліп, қолданыстағы заңнамаға сай процессуалдық шешім қабылданады, - деді облыстық полиция департаментінің басшысы Арман Саданов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама