18 наурыз 2022 | 23:00

Талдықорғанның жаңа әкімі қанша жалақы алады?

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
©Tengrinews.kz

4 наурызда Әсет Масабаев Талдықорған қаласының әкімі болып тағайындалған болатын. Tengrinews.kz тілшісі жаңа әкімнің жалақысы қанша екенін анықтауға тырысты.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

4 наурызда Әсет Масабаев Талдықорған қаласының әкімі болып тағайындалған болатын. Tengrinews.kz тілшісі жаңа әкімнің жалақысы қанша екенін анықтауға тырысты.

Әкімнің баспасөз хатшысы Мәди Шәкеновтың мәліметінше, Талдықорған қаласының әкімі 866 мың теңге жалақы алады.

Еске салайық, осыған дейін облыс әкімдері жалақыларын атаған болатын. Мәселен, Қызылорда облысының басшысы Гүлшара Әбдіқалықова 1,8 миллион, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев 1,9 миллион алатыны белгілі болды.

Реклама
Реклама

Әсет Масабаев 1985 жылы туған. Алматыдағы Энергетика және байланыс институтының, Экономика және құқық Академиясының, Мәскеу қаласындағы ресейлік Халықтар достығы университетінің түлегі.

Еңбек жолын 2007 жылы "Алматы электр станциясында" электромонтер болып бастаған.

2008 жылдан 2010 жылдары "Наз" ЖШС-де бас энергетик, "Алмаз және КЮС" ЖШС-де техникалық директор болып жұмыс істеген.

2010 жылдан 2013 жылдары Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасында жетекші маманның міндетін атқарушыдан энергия,жылумен қамту бөлімінің бастығына дейінгі жолдардан өткен. Әр жылдары Жетісу және Медеу аудандары әкімдерінің орынбасары, Алматы қаласы әкімінің бас инспекторы, қаланың Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасының, Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы болған.

2019 жылдың сәуір айынан бастап Алматы қаласының Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы қызметін атқарған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная