Талдықорған тұрғындары түнде көңіл көтеру мекемесінен атыстың дыбысын естіген

Талдықорған тұрғындары түнде көңіл көтеру мекемесінен атыстың дыбысын естіген

Талдықорғандағы 3-ші ықшамауданының тұрғындары өздерінің үйіне қарама-қарсы көңіл көтеру орынында жиі айғай шу болатынын айтады. Өткен түні олар қарудың атылған дыбысынан оянған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиғаның видеосы қаладағы танымал пабликтердің бірінде жарияланды.

"Кейбір талдықорғандық және талдықорғандық емес жігіттер мейрамханаға тапаншамен келеді екен. Біздің қаланың күйбең тіршілігі", - делінген хабарламада. 

Реклама
Реклама

Осы жағдайға қатысты ықшамауданының тұрғындары ашуға булықты. 

"Мейрамхананың таңғы 4-те жабылатынына қарамастан, қонақтары сол жердегі аллеяда банкеттерін жалғастырады. Олардан соң спирттік ішімдіктердің бөтелкелері мен мүшеқаптар жатады. Енді міне атыса бастады", - дейді микрорайон тұрғыны Дәурен Абылаев. 

Тұрғындардың айтуынша, олар қала әкімдігіне барып мейрамханаға шағым түсірмекші. Талдықорған  әкімдігіндегілер қала тұрғындарынан арыз шағым түспегенін айтады. Атысқа байланысты полиция тергеу жүргізіп жатыр екен.

Фото Tengrinews.kz

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама