ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 12 тамыз 2018 11:09
Талдықорған тұрғындары түнде көңіл көтеру мекемесінен атыстың дыбысын естіген
Талдықорғандағы 3-ші ықшамауданының тұрғындары өздерінің үйіне қарама-қарсы көңіл көтеру орынында жиі айғай шу болатынын айтады. Өткен түні олар қарудың атылған дыбысынан оянған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқиғаның видеосы қаладағы танымал пабликтердің бірінде жарияланды.
"Кейбір талдықорғандық және талдықорғандық емес жігіттер мейрамханаға тапаншамен келеді екен. Біздің қаланың күйбең тіршілігі", - делінген хабарламада.
Осы жағдайға қатысты ықшамауданының тұрғындары ашуға булықты.
"Мейрамхананың таңғы 4-те жабылатынына қарамастан, қонақтары сол жердегі аллеяда банкеттерін жалғастырады. Олардан соң спирттік ішімдіктердің бөтелкелері мен мүшеқаптар жатады. Енді міне атыса бастады", - дейді микрорайон тұрғыны Дәурен Абылаев.
Фото Tengrinews.kz
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу