Талдықорған тұрғыны ерлікпен қаза тапты

© Facebook

Жексенбіде, 18 маусымда Талды?ор?анда ?алада?ы ?уежай аума?ында бол?ан жарылыстан ауыр де?гейдегі к?йіктен ?аза тап?ан 42 жаста?ы Рахат Каметаевті жерлеу р?сімі ?тті. Б?л туралы ?айрат ?бдірахман есімді ?олданушы Facebook желісіндегі "Талдыкорганец" пара?шасында жазды.

Жексенбіде, 18 маусымда Талдықорғанда қаладағы әуежай аумағында болған жарылыстан ауыр деңгейдегі күйіктен қаза тапқан 42 жастағы Рахат Каметаевті жерлеу рәсімі өтті. Бұл туралы Қайрат Әбдірахман есімді қолданушы Facebook желісіндегі "Талдыкорганец" парақшасында жазды.

Жерлеу рәсімінде ер адамның ерлікпен қаза тапқаны белгілі болды. Әуежай мен полиция басшылығының айтуынша, ер адам жанармай құйғыштың кранын жауып, 600 тонна авиациялық керосиннің өртену қаупін алдын алған.

Рахат Каметаевтің артында әйелі мен кәмелетке толмаған үш баласы қалды. 

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, 15 маусымда Талдықорған әуежайының аумағында жанармай құйғышы өртеніп кеткен болатын. Төтенше жағдайдың салдарынан 1979 жылғы техник Мұсабеков Рустам мен әуежай қауіпсіздігі қызметінің инспекторы 1973 жылғы Рахат Каметаев зардап шеккен еді. Рахат Каметаевтің денесінің 95 пайызы күйіп қалған болатын. Өкінішке қарай, оның өмірін сақтап қала алмады.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама