Талдықорғанда екі күнде менингококк жұқтырды деген күдікпен үш адам ауруханаға түсті

© sadsha.ru

Талды?ор?анда екі к?нде менингококк ж??тырды деген к?дікпен ?ш адам аурухана?а жат?ызылды, оны? ішінде 9 жаста?ы бала бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы ?о?амды? денсаулы? са?тау департаментіні? басшысы Ер?али Сыдыманов?а сілтеме жасап.

Талдықорғанда екі күнде менингококк жұқтырды деген күдікпен үш адам ауруханаға жатқызылды, оның ішінде 9 жастағы бала бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Ерғали Сыдымановқа сілтеме жасап.

17 маусымда 18 және 28 жастағы ер адамдар, ал 18 маусымда 9 жастағы бала ауруханаға түскен.

"Олардың бір-бірімен байланысы жоқ, бірақ олардың барлығы ораза ұстаған. Үшеуі де жұма күні мешітте намазда болған, 9 жастағы бала да. Бала облыстық балалар ауруханасындағы жансақтау бөліміне жатқызылды. Ол да ораза ұстаған. Үшеуі де менингококк инфекциясын жұқтырған болуы мүмкін", - деп хабарлады Ерғали Сыдыманов.

Реклама
Реклама

Дәрігерлер науқастардың жағдайын орташа деп бағалап отыр. Қазіргі уақытта барлығы ем алып жатыр.

"Зертхана қорытындыларын әлі алған жоқпыз. Бұл алдын ала қойылған диагноз", - деді Алматы облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің өкілдері.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама