ПОДЕЛИТЬСЯ
19 наурыз 2021 | 09:20
Талғар әкімдігінде депутат блогерлердің көзінше ұятқа қалды
Талғарда блогерлер Жанар Құсайынова мен Ринат Қибраев аудандық мәслихат депутатын тұраққа көлік қою ережелерін бұзғаны үшін сынға алды. Оқиғаның видеосы YouTube-тағы LIFE KZ-арнасында жарияланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Блогерлер Талғарда қала әкімдігінің автокөлік тұрағында "мүгедектерге арналған орын" белгісінде "Гелендваген" тұрғанын байқаған.
Блогерлердің айтуынша, жол талғамайтын көлік жүргізушісі депутат болып шыққан. Ол мүмкіндігі шектеулі жандар санатына жатпайтынын мәлімдеді. Ескертуден кейін ер адам көлігін басқа орынға қойған.
Кейін блогерлер депутатқа жол ережелерін түсіндіруді ұйғарған. Сол жерде жанжал туады.
"Менде нелерің бар? Ол сендердің проблемаларың емес. Айналайын, кетші... Не істеп жүрсіңдер?..."- деп жауап берген депутат.
Блогерлер мұнымен тоқтамай Талғар әкімдігінен жауап іздеуге тырысқан. Әкімдік ғимаратында олар Талғар қаласының полиция бастығының орынбасарын кездестіріп, болған жағдайды айтып берген. Олардың айтуынша, тәртіпбұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартуға уәде беріпті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также