Талғар ауданы әкімінің орынбасарына қатысты қызметтік тергеу басталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Талғар ауданы әкімінің орынбасарына қатысты қызметтік тергеу басталды Фото: gov.kz

Алматы облысында Талғар ауданы әкімінің орынбасары Барлық Төрехановқа қатысты қызметтік тергеу басталды. Бұл туралы аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысында Талғар ауданы әкімінің орынбасары Барлық Төрехановқа қатысты қызметтік тергеу басталды. Бұл туралы аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Аудан әкімі Қайрат Әбдіханов орынбасары Барлықбек Төрехановты қызметінен шеттетуді тапсырған. Ол қызметтік тергеу аяқталғанға дейін жұмыс істемейді.

"Талғар ауданы әкімінің өкімі 6 сәуірде шықты. Барлық Төреханов қызметтік тергеу мерзімі аяқталғанға дейін қызметінен шеттетілді", - деді ведомство өкілдері.

Реклама
Реклама

Қызметтік тергеуге қаңтар оқиғасы кезінде аудан әкімі орынбасарының жауапты кезекші қызметінен кеткені туралы күдік себеп болған. Тұздыбастау, Бесқайнар және Бесағаш ауылдық округтері Төрехановтың қарауында екені айтылды. Олардың бәрі Алматы шекарасында орналасқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама