21 қараша 2022 | 09:17

Талғар ауданының тұрғындары ет өңдеу зауыты құрылысына қарсы

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото РИА Новости

"Пятый регион" редакциясына Талғар ауданы Панфилов ауылының тұрғындары жүгінді, олар ет өңдеу зауытының құрылысына қарсы. Петицияға 170-тен аса адам қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Пятый регион" редакциясына Талғар ауданы Панфилов ауылының тұрғындары жүгінді, олар ет өңдеу зауытының құрылысына қарсы. Петицияға 170-тен аса адам қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2 желтоқсанда қоғамдық тыңдау өтетіні туралы белгілі болған соң ауыл тұрғындарының белсенділігі арта түскен.

Хабарландыру мәтінінде, зауыттың қуаты, сондай-ақ цех қалдықтары туралы айтылған.

Реклама
Реклама

"Ет комбинаты өндірістік қызметінің қалдықтары өз цехында жемдік ұнға қайта өңделеді. Жобада жобаланатын нысанды қосудың техникалық шарттарына сәйкес қолданыстағы желілерге қосу арқылы ресурстармен (электрмен, сумен жабдықтау және канализация, газбен жабдықтау) қамтамасыз ету қарастырылған", - делінген мәтінде.

Ауыл тұрғындары мұндай үлкен цехтың су құбырына қосылуы ауылдағы су қысымын әлсіретіп, айтарлықтай қиындықтар туғызады деп қауіптенеді.

Сонымен қатар, ауыл тұрғындарын электр желісіне қосымша жүктеме, ауаның ластануы да алаңдатады.

Басылым ауылда қуаттылығы жылына 70 мың тонна құс етін өндіретін қасапхана құрылысы туралы әңгіменің жылдар бойы жалғасып келе жатқанын жазды. 2017 жылы сол кездегі Алматы облысының әкімі Амандық Баталов инвесторларға барлық қажетті қолдауды көрсетуге уәде берген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная