16 қаңтар 2021 | 16:14

Талғар ауруханасының бас дәрігері қайтыс болды

Талғар аудандық ауруханасының бас дәрігері Нұрлан Құлсейітов қайтыс болды. Бұл мәліметті Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің өкілдері растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Талғар аудандық ауруханасының бас дәрігері Нұрлан Құлсейітов қайтыс болды. Бұл мәліметті Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің өкілдері растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, 62 жастағы Нұрлан Құлсейітов бүгін қайтыс болды. Денсаулық сақтау басқармасындағылар дәрігерлік құпия деп, өлімнің себебін атамады.

Реклама
Реклама

Ал БАҚ өкілдері дәрігердің коронавирустан қайтыс болғанын жазып жатыр.

"Нұрлан Күлсейітовтың өкпесі 90-95 пайызға зақымданған. Бас дәрігер, егер мен қателеспесем, шамамен тоғыз жыл бұрын жол апатына түсіп, әрең аман қалды. Бұл оның денсаулығына әсер етті. Сондай-ақ, оны бүкіл ел сынға алған кезде ол денсаулығына да әсер етті", - деді Алматы облысы Талғар ауданы әкімінің орынбасары Ахмет Әшімахын Azattyq Rýhy басылымына берген сұхбатында.

Еске салайық, мұның алдында үстелді жұдырықпен бір ұрған Талғардың бас дәрігерінің видеосы Желіде талқыланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная