Талғар маңындағы "Спутник" лагерінен 515 адам эвакуацияланды

© Мimi-gallery.com

"Спутник" лагерінен 515 адам эвакуацияланды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

"Қазірге дейін "Спутник" лагерінен 515 адам эвакуацияланды, олардың 400-і балалар, 115 ересек адам бар. Олар тау жаққа, жоғарыға эвакуацияланды. Ол жақта өздерінің бөлімшелері бар. Өзен арнасындағыларға хабарландыру айтылды", - деді ТЖД өкілдері.

Осыған дейін Талғар өзенінің жоғарғы жағында тұратын адамдарды эвакуациялау басталғаны хабарланған болатын. Өзеннің гидропосттан төменгі ағысында шығын секундына 27 текше метр болды. Айта кетейік, қауіпті шығын - секундына 45 текше метр. 

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, тұрғындарға гидрологиялық иммараттан су тасқыны болатыны жөнінде SMS-хабарламалар жіберіліп жатыр. "25.07.2015ж. Алматы обл., Талғар аңғарында жаңбырлы сел болу қаупі бар", - деп жазылған хабарламада.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама