26 шілде 2022 | 17:27

Талғар тасжолындағы көкпар: ұйымдастырушылар 10 тәулікке қамауға алынды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: kris_p_talgar

Алматы облысы Талғар ауданында көкпар ұйымдастырғандар 10 тәулікке қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысы Талғар ауданында көкпар ұйымдастырғандар 10 тәулікке қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі мәліметінше, көкпаршылар қоғамдық тәртіпті бұзып қана қоймай, көліктердің жүруіне кедергі келтіріп, жүргізушілерге қауіп төндірген.

"Қазіргі уақытта полицейлер ат ойынын ұйымдастырушылар мен қатысушылардың бірқатарын анықтады. Олар әкімшілік заңнама нормаларына сәйкес "Ұсақ бұзақылық", "Жол жүрісі қағидаларында көзделген жолаушылар мен жүктерді тасымалдау жөніндегі талаптарды сақтамау" және "Көлік құралдарының жүруіне кедергі жасау" баптары бойынша жауапкершілікке тартылды. Сот ұйымдастырушыға және басқа да қатысушыларға қатысты ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алуға санкция берді", - деді облыстың Полиция департаменті өкілдері.

Реклама
Реклама

Ведомство халық денсаулығы мен қауіпсіздігіне қауіп төндірмеу үшін ұлттық спорт ойындарын жергілікті атқарушы органдармен келісе отырып, ипподромдарда, арнайы бөлінген орындарда өткізу керек екенін және оны ұйымдастырушылар қатаң бақылауда ұстау керегін еске салды.

Еске салайық, Алматы іргесіндегі қала тұрғындары көкпаршылардың әрекетіне наразы болған еді. Куәгерлердің айтуынша, олар Талғар көшелерінде көкпар тартқан. Видео әлеуметтік желіде пайда болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная