25 шілде 2022 16:09

Талғар тұрғындарын көшеде көкпар тартқандар ашуландырды

Сұлу Бөлек Корреспондент
Кадр kris_p_talgar Instagram-парақшасынан

Алматы облысында көшеде көкпар тартқандар жергілікті тұрғындардың ашуын келтірді. Бұл жолы ұлттық ойын Талғар көшелерінде өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында көшеде көкпар тартқандар жергілікті тұрғындардың ашуын келтірді. Бұл жолы ұлттық ойын Талғар көшелерінде өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы іргесіндегі шағын қала тұрғындары көкпаршылардың бұл әрекетіне наразы болды. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, олар Талғар қаласының көлік көп жүретін көшелерінде жарысқан. Оларды көліктің көптігі де тоқтатпаған. Оқиға орнынан түсірілген кадрлар мен жергілікті тұрғындардың наразылығы әлеуметтік желіде жарияланды.

"Әдетте, елді мекендерде көкпар ойнауды көпшілік айыптайды, бірақ көтермелейтіндер де табылады. Бұл жерде патриотизм, ұлттық дәстүрлерге деген құрмет пен қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік аражігін ажырату керек. Сондықтан жылдан-жылға осындай ойындарды тарихи қалыптасқан егістіктерде өткізуге шақырамыз", - делінген жазба сипаттамасында.

Реклама
Реклама

Полиция мәліметінше, жарыс 24 шілдеде кешке өткен. Алғашында көкпар жақын маңдағы бау-бақша аймағында ұйымдастырылса, кейін жарыс Талғар көшелерінде жалғасқан.

"Сағат 19:00-20:00 аралығында Кеңдала ауылы тұрғынының 50 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырған ұлттық көкпар ойынына шабандоздар қатысты. Ойынды әкімдік тоқтатпады. Шаруашылықтардың бірінің аумағында басталған атжарыс бақылаудан шығып, Талғар көшелеріне ауысты, онда атжарыс көлік ағынына кедергі келтіріп, қоғамдық тәртіпті бұзды", - деді облыстық ДП баспасөз қызметі өкілдері.

Полиция көкпарға қатысқандарды анықтаған. Олардың 10-ы ұсталып, ҚР ӘҚБтК-нің 434, 593 және 614-баптары бойынша жауапкершілікке тартылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram