Талғарда жол үстінде көкпар тартқандар кешірім сұрады

Сұлу Бөлек Корреспондент
Талғарда жол үстінде көкпар тартқандар кешірім сұрады Видео кадры

Алматы облысы Талғар ауданында көкпарға қатысқандар көпшілік алдында кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысы Талғар ауданында көкпарға қатысқандар көпшілік алдында кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Олардың айтуынша, көкпарға Талғар ауданындағы бірнеше ауыл тұрғындары қатысқан.

"Көрші ауылдың тұрғындары көкпарды өз ауылына әкеткісі келіп тасжолға шықты. Жүргізушілерге кедергі келтіргеніміз үшін кешірім сұраймыз", - деді жарыс ұйымдастырушылардың бірі.

Жарнама
Жарнама

Еске салайық, Талғар тұрғындары көкпаршылардың бұл әрекетіне наразы болған еді. Куәгерлердің айтуынша, шабандоздар қаланың көлік көп жүретін көшелерінде жарысқа түскен. Видео әлеуметтік желіде тарап кетті.

Алматы облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері ат жарысының ұйымдастырушыларын 10 тәулікке қамауға алды. Олардың үстінен бірден үш әкімшілік іс қозғалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама