Талғарда қардың үстіне асфальт төселген: әкім орынбасарына қатаң сөгіс берілді

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Талғарда қардың үстіне асфальт төселген: әкім орынбасарына қатаң сөгіс берілді Видеодан кадрлар

Әлеуметтік желіде Талғарда қар басқан тротуарға асфальт төселген сәттің видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде Талғарда қар басқан тротуарға асфальт төселген сәттің видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жолдағы кадрлар желіде бір күн бұрын тарады. Видео авторының айтуынша, түсірген кезде температура 0 градустан жоғары болмаған.

Реклама
Реклама

Видеоға Талғар ауданының әкімі Қайдар Әбдіханов жауап берді.

"Аудан басшысы абаттандыру жұмыстарына жауапты Талғар әкімінің орынбасары Серік Дүмшебаевқа қатаң сөгіс жариялады. Ол жұмысқа немқұрайлы қарап, мердігердің жұмысын тиісті деңгейде бақыламады", - деп хабарлады аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Әкімнің өзі бұл оқиғаны "жол беруге болмайтын немқұрайлылық және әкім орынбасарының тікелей міндеттерін елемеу" деп атады.

"Мен қала әкімінің назар аударып, шаралар қабылдауын талап етемін", - деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметі әкімнің сөздерін келтіріп.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама