ПОДЕЛИТЬСЯ
09 қараша 2022 | 08:48
Талғарда кірпіш зауытының иесі тұрғындарға пышақ ала жүгірді
Әлеуметтік желіде Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Қайназар ауылында пышақпен халықты қорқытқан зауыт директорының видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Пятый регион" басылымына сілтеме жасап.

"Кірпіш зауытының директоры зауыт жұмысына наразы ауыл тұрғындарына пышақ ала жүгірді", - делінген хабарламада.
Облыстық полиция департаменті ақпаратты растады.
"Мас болған кірпіш зауытының директорлары мен жергілікті халық арасында жанжал туындағаны рас. Тәртіпбұзушылық Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасында тіркелді. Қазіргі кезде тергеу шаралары басталды", - деді тәртіп сақшылары.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также