11 қараша 2020 | 16:19

Талғарда майдангер ақынның қабірі орнатылған жер сатылып кеткен

Фото: facebook.com/Andrey007Almaty

Майдангер, ақын, композитор Алханбек Малькеевтің қабірі орнатылған жер Алматы облысындағы Талғар қаласында жеке қолға берілді. Мұндай мәлімет әлеуметтік желілерде пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Майдангер, ақын, композитор Алханбек Малькеевтің қабірі орнатылған жер Алматы облысындағы Талғар қаласында жеке қолға берілді. Мұндай мәлімет әлеуметтік желілерде пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Андрей Адреев Facebook желісіндегі парақшасында Ұлы Отан соғысына қатысқан ақын әрі композитор Алханбек Малькеевтің стелласы бар жерді 2012-2013 жылдары талғарлық шенеуніктердің сатып жібергені туралы жазды.

Реклама
Реклама

"Талғарда болғандар қалаға кіреберісте оң жақта колледж тұрғанын және оның аумағында стелла тұрғанын көрген болар. Ал оның маңында екі-үш дюймдік жаяу әскер зеңбірегі тұр. Сол аумақта қоғам қайраткері Алханбек Малькеевке орнатылған ескерткішті де байқауға болады.

2012-2013 жылдары сегіз сотық жер коммерциялық қызметке жекеменшікке сатылды. Бұл учаскені мемлекеттік меншікке қайтаруға болатын шығар", - деп жазды ол Алматы облысының билігіне үндеу жасай отырып.


Фото: facebook.com/Andrey007Almaty

Талғар аудандық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл учаске 2006 жылдың ақпанында Талғар ауданы әкімінің қаулысы негізінде жеке меншікке берілді. 2012 жылы ол жер жаңа иесінің мұрагеріне өткен.

"2020 жылдың тамыз-қаңтар айларында ол азаматшамен жерді мемлекетке қайтару туралы түсіндірме жұмыстар жүргізілді. Қазіргі уақытта қажет құжаттар жинастырылып жатыр", - деді әкімдіктегілер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная