ПОДЕЛИТЬСЯ
22 қыркүйек 2023 | 14:31
Талғарда соққыға жығылған дәрігерлердің жағдайы белгілі болды
Талғарда соққыға жығылған медицина қызметкерлерінің жағдайы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Талғарда соққыға жығылған медицина қызметкерлерінің жағдайы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Аурухана өкілдерінің айтуынша, соққыға жығылған реаниматолог есін жиған, бірақ болашақта оған ота жасау қажет болуы мүмкін. Зардап шеккен тағы бір қызметкерге де хирургиялық көмек керек.
"Реаниматолог дәрігердің көру қабілеті нашарлаған: сол жақ көзі нашар көреді. Қадағалаймыз, мүмкін көзіне ота жасау керек. Тағы бір қызметкердің мұрны сынған. Жағдайы тұрақталғаннан кейін оған жоспар бойынша ота жасалады", - деді аға травматолог Исламбек Нұрмахашев.
Әзірге реаниматолог пен реанимация қызметкерінің жағдайы тұрақты және ауыр деп бағаланып отыр.
"Олар қазір травматология бөлімінде жатыр. Қазіргі уақытта қатты бас ауруы, бас айналуы мазалап тұр", - деп қосты Нұрмахашев.
Еске салайық, таяқ жеген реанимациялық дәрігер 27 жаста. 21 жастағы дәрігерде жабық бассүйек-ми жарақаты, бас миының контузиясы, сол жақта самай аймағының жұмсақ тіндерінің контузиясы, мұрын сүйектерінің сынуы диагнозы қойылған.
Бұған дейін полиция қызметкерлері медицина қызметкерлерін соққыға жыққан екі күдіктіні ұстағаны хабарланған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также