Талғардағы автобус жүргізушісінің әрекеті желі қолданушыларының наразылығын туғызды

Видеодан алынған кадр

Талғардағы автобус жүргізушісінің әрекеті желі қолданушыларының наразылығын туғызды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Талғардағы автобус жүргізушісінің әрекеті желі қолданушыларының наразылығын туғызды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Автопарк әкімшілігі осы жағдайға қатысты пікір білдірді.

Видео Instagram желісіндегі пабликтердің бірінде жарияланды. Онда ер адам ерсі қылық көрсетіп, балағат сөздер айтып, аялдамадан түсіп қалуды сұрайды. Жолаушы осы сәтті видеоға түсіріп алған.

Реклама
Реклама

"Ер адам Қабанбай батыр көшесінде тоқтамады. Өзі жаурап отырғандықтан есікті ашуға болмайтынын айтты", - дейді видеодағы әйел.

"АвтоАлма-Транс" автопаркінің өкілдері № 54 маршруттың жүргізушісіне қатаң сөгіс жарияланғанын айтты.

"Сонымен қатар, жүргізуші 30 күн мерзімге жұмыстан шеттетілді", - делінген жауапта.

Еске салайық, мұның алдында контролер мен жолаушы арасындағы жанжалдың видеосы тараған еді. Кейінірек Алматы әкімдігі жағдайға қатысты пікір білдірген болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама