Талғардағы бір көшеге Шерзаттың атын беру ұсынылды

Дина Шарипханова Корреспондент

Талғарда қаза тапқан Шерзат Болаттың атына көше беру ұсынылды. Бұл туралы осы отбасының адвокаты Мейірман Шекеев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Талғарда қаза тапқан Шерзат Болаттың атына көше беру ұсынылды. Бұл туралы осы отбасының адвокаты Мейірман Шекеев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Адвокаттың сөзінше, әкім бұл ұсынысқа қолдау білдірген.

"16 жастағы Шерзаттың қаны төгіліп, қайтыс болған жердегі көшелер Менделеев және Русставелли деп аталады. Екеуі де Талғарға , тіпті Қазақстанға еңбек сіңірген қазақ тұлғалалары емес. Кеңес өкіметінен қалып қалған. Сондықтан Талғар қаласының әкіміне Менделеев көшесін марқұм Шерзаттың атымен атауын ұсындым. Ол ұсынысыма мүмкіндігінше қолдау білдіретінін жеткізді", - деді адвокат.

Реклама
Реклама

Шерзат ісі

Еске салайық, биыл 5 мамырда Талдықорған сотында тоғыз айыпталушыға үкім шығарылды.

Тергеу мәліметінше, Шерзатқа пышақ жарақатын салған басты айыпталушы Абзал Шынасыл 23 жылға бас бостандығынан айырылды. Равиль Сакиев 20 жылға сотталды.

Қалған айыпталушылар 7 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Кәмелетке толмаған Ы.Д. 1,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама