24 қараша 2022 08:50

Талғардағы мектептен мыңнан аса оқушы мен мұғалімдер эвакуацияланды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Талғар қаласында №3 орта мектепке жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарламадан кейін ғимараттан мыңнан аса адам эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талғар қаласында №3 орта мектепке жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарламадан кейін ғимараттан мыңнан аса адам эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кейбір оқушылар күртешелерін киіп үлгермеді. Сыныптарда сөмкелер мен заттар қалды. Ата-аналарға балаларын алып кету үшін хабарламалар жіберілді. Дереккөздер бомба туралы жалған ақпарат тарағанын айтады. Әзірге билік ресми түсініктеме берген жоқ", - делінген kris_p_talgar Instagram парақшасында.

Реклама
Реклама

Облыстық ПД белгісіз біреу мектептің электронды поштасына білім ордасына жарылғыш зат қойылғандығы туралы хабарлама жолдаған.

"23 қарашада сағат 14:45-те Алматы облыстық Полиция департаментінің кезекші бөліміне Талғар қаласы №3 орта мектебіне бомба қойылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Соған байланысты аталған орта мектептен 1000 оқушы, 90 мұғалім және 25 техникалық персонал эвакуацияланды", - деп көрсетті Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram