ПОДЕЛИТЬСЯ
18 желтоқсан 2024 | 13:00
Талғардағы трагедия: депутат істің әлеуметтік мәніне тоқталды
Мәжіліс депутаттары Абзал Құспан мен Үнзила Шапақ Талғардағы оқиғаның мән-жайымен танысу үшін Алматы облысына барды. Бұл туралы депутат Құспан Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Мәжіліс депутаттары Абзал Құспан мен Үнзила Шапақ Талғардағы оқиғаның мән-жайымен танысу үшін Алматы облысына барды. Бұл туралы депутат Құспан Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Депутаттың айтуынша, істің барысын зерделеу мақсатында Алматы облысы прокуроры мен облыстың Полиция департаменті басшысымен жолыққан.
"Мен, заңгер ретінде, бұл ауыр жағдайларды құқықтық тұрғыда қарастырудың маңыздылығын атап өткім келеді. Мұндай істерде қоғам тарапынан жасалған қысым тергеу амалдарының объективті әрі жан-жақты жүргізілуіне кері әсерін тигізуі мүмкін. Прокуратураның ресми ақпаратына сәйкес, қасақана кісі өлтіру күдігімен 11 адам адам ұсталғаны белгілі. Қазіргі таңда тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Осы іс бойынша 170 астам куәгерлерден жауап алынып, 40 жуық сараптама тағайындалып, жан-жақты тергеліп жатыр. Сонымен қатар, Шерзат Полаттың ағасы Н. Ғайыпбаевтың өлімі де Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің бақылауында екенін атап өткен жөн. Ол бойынша сот-медициналық сараптамалар жүргізіліп жатыр", - деп жазды депутат.
Абзал Құспан бұл істің әділ әрі ашық қаралуына ықпал ету – басты мақсат екенін айтты.
"Қылмыстық істің қоғамдық маңыздылығына байланысты, мен тергеу барысымен танысып, заңгер ретінде мән-жайды нақты анықтау үшін жұмыс істеп жатырмын. Алғашқы нәтижелерге келсек, облыс прокуроры Берік Абызбайұлымен кездесу барысында тергеу амалдарының барынша заң аясында және тиянақты жүргізілуін талқыладық. Облыстық прокуратура бұл істің құқықтық және әділдік принциптеріне сай қаралатынын мәлімдеп, бізге уәде берді. Алдағы уақытта тергеу барысы мен ресми ақпараттар туралы қоғаммен үнемі бөлісіп отыратын боламын. Қазіргі таңда кез келген расталмаған ақпараттан аулақ болуға және ресми дереккөздерге сүйенуге шақырамын", - деді ол.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также