ПОДЕЛИТЬСЯ
25 тамыз 2020 | 12:01
Талғат Мамаев Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды
Талғат Мамаев Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Талғат Мамаев Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.
Әкімнің жаңа орынбасары экономика және қаржы мәселелеріне жетекшілік ететіні айтылады.
Мамаев Талғат Шариұлы 1977 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген, білімі жоғары.
1998 жылы Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін Халықаралық экономикалық қатынастар мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2000 жылы Жамбыл ауданы бойынша Салық комитетінің маманы болып бастаған.
2003-2006 жылдары Жамбыл облысы бойынша Салық комитетінің бөлім бастығы, басқарма бастығы, төрағасының орынбасары, 2006-2008 жылдары қаржы министрлігі Салық комитетінің ірі салық төлеушілерді әкімшілендіру және мониторинг басқармасының бастығы, 2008-2012 жылдары ШҚО бойынша Салық департаментінің бастығы, 2012-2014 жылдары Қарағанды облысы бойынша Салық департаментінің бастығы, 2014-2017 жылдары Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы қызметтерін атқарды.
2017-2019 жылдары Мемлекеттік кірістер комитеті департаментінің директоры болды.
2019 жылдың мамыр айынан бастап Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также