ПОДЕЛИТЬСЯ
15 қазан 2021 | 11:46
Талғат Момышев экология вице-министрі болып тағайындалды
Талғат Момышев экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Талғат Момышев экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
Талғат Момышев 1968 жылы Ақмола облысында дүниеге келген.
Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын, Алматы экономика және статистика институтын тәмамдаған.
Мамандығы бойынша біліктілігі: инженер-құрылысшы, бухгалтер-экономист. 1994-1996 жылдары қазақ-түрік бірлескен кәсіпорнының атқарушы директоры.
1997-1998 жылдары Жамбыл стандарттау және метрология орталығы директорының мемқадағалау жөніндегі орынбасары. Әр жылдары жеке компанияларда жұмыс істеді.
1998-1999 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының аға референті.
1999-2000 жылдары Жамбыл облыстық инвестициялар және ЖЭС комитетінің төрағасы. 2000 жылдары "Метрология" РМК Алматы бөлімшесінің басшысы, "Ұлттық аккредиттеу орталығы" АҚ директорының бірінші орынбасары.
2000-2005 жылдары "Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы" ААҚ Астана қаласы бойынша өндірістік басқармасының басшысы.
2005-2010 жылдары Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары.
2010-2014 жылдары Мұнай және газ министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы.
2014-2016 жылдары Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі Экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы.
2016-2018 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.
2018-2019 жылдары Жамбыл облысы әкімінің орынбасары.
2019-2021 жылдары ҚР Энергетика министрлігінің жауапты хатшысы. 2021 жылдың қаңтарынан қазіргі уақытқа дейін ҚР Энергетика министрлігінің аппарат басшысы болды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также