ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 20 қаңтар 2016 19:06
Талғат Мұсабаев Қазақстан Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды
Талғат Мұсабаев Қазақстан Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының Өкімімен Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметіне 2017 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы өкілеттік мерзімге тағайындалды", - делінген хабарламада.
Талғат Мұсабаев қазақтың 2-ші, ал әлемнің 309-шы ғарышкері, техника ғылымдарының докторы (2008), авиация генерал-лейтенанты (2007). ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитетін басқарады.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу