Талғат Мұсабаев сенатор болды

?аза?стан Парламенті Сенатына жа?а депутаттар та?айындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі А?орда?а сілтеме жасап.

Қазақстан Парламенті Сенатына жаңа депутаттар тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Жарлықтарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып мыналар: Сәуле Мұханбедианқызы Айтпаева; Владимир Васильевич Волков; Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов; Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев тағайындалды", - делінген Президент сайтында.

Мұсабаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметінен босатылды.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Жарлықтарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Нұртай Әбіқаевтың, Икрам Адырбековтің, Мұхтар Қапашұлы Алтынбаевтың, Людмила Григорьевна Полторабатьконың өкілеттіктері тоқтатылғаны айтылады.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама