Талғат Мұсабаев сенатор болды

Талғат Мұсабаев сенатор болды

Қазақстан Парламенті Сенатына жаңа депутаттар тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Жарлықтарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып мыналар: Сәуле Мұханбедианқызы Айтпаева; Владимир Васильевич Волков; Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов; Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев тағайындалды", - делінген Президент сайтында.

Мұсабаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметінен босатылды.

Жарнама
Жарнама

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Жарлықтарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Нұртай Әбіқаевтың, Икрам Адырбековтің, Мұхтар Қапашұлы Алтынбаевтың, Людмила Григорьевна Полторабатьконың өкілеттіктері тоқтатылғаны айтылады.

Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама