1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

"Тальго" жүрдек пойызы екі жаңа бағыт бойынша жүреді

"Тальго" жүрдек пойызы 12 желтоқсаннан бастап екі жаңа бағыт бойынша жүре бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Жолаушылар тасымалы"

Сурет Тұрар Қазанғапов

"Тальго" жүрдек пойызы 12 желтоқсаннан бастап екі жаңа бағыт бойынша жүре бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Бірінші бағыт Нұр-Сұлтан мен Арқалықты байланыстырады. №603 жолаушылар пойызы 609 шақырым қашықты 12 сағат 49 минутта жүріп өтеді. Пойыз екі құрамнан тұрады және күн сайын қатынайды.

"Тальго" вагондарынан жасалған № 111 екінші жолаушылар пойызы Алматы-2-Маңғыстау бағыты бойынша жүреді. Сапар уақыты - 41 сағат 49 минут. Пойыз екі құрамнан тұрады және жұп күндері жүреді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!