14 маусым 2024 | 16:51

Тальгодағы қыз зорлау оқиғасы: сот жолсеріктің мерзімінен бұрын босатылу себебін түсіндірді

Фото Сергея Миронова/ kstnews.kz

"Тальго" пойызында қыз зорланған оқиға бойынша сотталғандар бостандыққа шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Тальго" пойызында қыз зорланған оқиға бойынша сотталғандар бостандыққа шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақтөбе № 2 сотында пойызда қыз зорлануына қатысты оқиға бойынша сотталғандар неге босатылғаны айтылды.

2019 жылы шілдеде Қостанайда қызды зорлады деп айыпталған Астана - Нұрлы Жол - Ақтөбе (Тальго) пойызының жолсерігіне сот үкімі шықты. Бұл істің қатысушылары Жетес Үмбеталиев пен Қолқанат Құрманиязов Қылмыстық кодексінің 120-бабы, 2-бөлігі, 1-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Сол кезде олар 2,5 және 2,3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Реклама
Реклама

Соттағылар атышулы іс бойынша сотталушылар босатылуына қатысты пікір білдірді.

Ресми мәліметтер бойынша 2022 жылғы 22 маусымда сот сотталған Құрманиязовқа қатысты жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы материалды қараған. Сол кезде жәбірленушіге сот отырысының уақыты мен орны хабарланған, бірақ сот отырысына келмеген.

"Сот К.С. Құрманияздың жалпы жазаны өтеген кезіндегі іс-әрекетін мұқият зерделеп, қоғамдық қауіпті ескере отырып, оның өзі жасаған қылмыс жазаны толық өтеуді талап етпейді деуіне толық негіз жоқ және осыған байланысты жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішті қанағаттандырудан бас тартты деген қорытындыға келді", - делінген сот түсіндірмесінде.

2022 жылы тамызда Ақтөбе облыстық соты сотталған Құрманиязовтан түскен материалды қарады. Ол соттың шартты түрде мерзімінен босату туралы өтінішіне бас тартқан шешіміне қарсылық білдіріп, оған тағайындалған жазаның 1/2 бөлігін өтегенін, жазасын өтеу кезінде жақсы мінез-құлық көрсеткенін айтқан.

"КА-168/2 мекемесі әкімшілігі тарапынан екі рет көтермелеу шаралары қоолданылған, келтірілген материалдық, моральдық залалды өндіріп алу туралы азаматтық талап қойылмаған, соттың үкімімен мемлекет кірісіне іс жүргізу шығындары мен жәбірленушінің өтемақы қорына мәжбүрлеп өтеу толық көлемде төленді, №2 Ақтөбе сотының 2022 жылғы 22 маусымдағы қаулысы жойылды", - делінген Ақтөбедегі №2 соттың түсіндірмесінде.

Осылайша, сотталған Құрманиязовтың шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін сот қанағаттандырған. Екінші сотталған Жетес Үмбеталиев мерзімін өтегеннен кейін бостандыққа шыққан.

"Үмбеталиев Ж.А. жазасын толық өтеуіне байланысты 2024 жылғы 9 Сәуірде босатылды", - деді Ақтөбе №2 сотының баспасөз қызметі өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная