ПОДЕЛИТЬСЯ
18 тамыз 2021 | 14:59
Тәліптер наразылыққа шыққан тұрғындарға оқ жаудырды
Тәліптер Ауғанстанның Нангархар провинциясында наразылыққа шыққандарға оқ жаудырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Тәліптер Ауғанстанның Нангархар провинциясында наразылыққа шыққандарға оқ жаудырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанда "Талибан" қозғалысына Жоғарғы сот шешімімен тыйым салынған.
Тәліптер Ауғанстанның Нангархар провинциясында мемлекеттік туды қолдау үшін наразылыққа шыққандарға оқ жаудырған. Бұл туралы РИА Новости басылымына тұрғындар арасындағы дерекөз хабар берген. Басылым мәліметінше, қаза тапқандар мен жараланғандар бар.
Бұл уақытта жергілікті Ariana News телеарнасы мен Pajhwok агенттігі журналистерін тәліптер соққыға жыққаны хабарланды. Олар мемлекеттік туды қолдайтын наразылық акциясын түсіріп, репортаж жасамақ болған кезде соққыға жығылған. Екі журналистің аяусыз соққы жегені жергілікті БАҚ-та теріс пікір туғызды.
Еске салайық, 15 тамызда "Талибан" қозғалысының содырлары Ауғанстанның астанасы Кабулды басып алып, президент сарайына басып кірді. Ауғанстан президенті Ашраф Ғани елден кетті. Талибан Ауғанстан Ислам Әмірлігін құруға ниет білдірді. Кабул әуежайында дүрбелең басталды - Ауғанстаннан шығудың жалғыз жолы. Мыңдаған адам елден кету үшін, Кабул әуежайындағы әскери ұшаққа жармасты.
Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның Ауғанстаннан босқындарды қабылдайтыны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ауғанстаннан келген босқындарға қатысты шешім қабылдамағанын айтты.
Ауғанстан билігі ауысуынан Қазақстанға қандай қауіп бар?
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также