ПОДЕЛИТЬСЯ
11 сәуір 2022 | 11:45
Тамара Дүйсенова еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды
Тамара Дүйсенова еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Тамара Дүйсенова еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылсын", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Тамара Дүйсенова Ташкент халық шаруашылығы институтын бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын Сарыағаш ауданында мектеп мұғалімі болып бастаған. 1988-1992 жылдары Өзбекстан Мемлекеттік жоспарлау комитетінің есептеу орталығының экономика ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметкер, 1992-1993 жылдары Сарыағаш аудандық әкімшілігінде аға экономист, 1994-1999 жылдары әкімнің кеңесшісі, орынбасары, бірінші орынбасары, 1999-2002 жылдары облыс әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.
2002 жылдың қыркүйегінен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің вице-министр болды. 2008 жылдың қаңтарынан бері - ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы қызметін атқарған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также