ПОДЕЛИТЬСЯ
02 қыркүйек 2023 | 11:43
Тамара Дүйсенова премьер-министрдің орынбасары қызметінде қалды
Тамара Дүйсенова премьер-министрдің орынбасары қызметінде қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Тамара Дүйсенова премьер-министрдің орынбасары қызметінде қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.
Тамара Дүйсенова 1965 жылы 11 қаңтарда ҚазКСР Шымкент облысы, Сарыағаш ауданы, Ленин ауылында дүниеге келген.
Ташкент халық шаруашылығы институты (1987), инженер-экономист мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Шымкент облысы Сарыағаш қаласы Ильич атындағы орта мектебінің мұғалімі (01.1988-06.1988) болып бастаған.
Өзбек КСР Мемжоспар жанындағы Экономика ғылыми-зерттеу институтының экономисі болған.
Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық әкімшілігінің аға экономисі, "Перизат-Холдинг" компаниясының бөлім басшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық әкімшілігі басшысының кеңесшісі қызметтерін атқарған.
Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімінің бірінші орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болған.
Кейін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болды.
Ал 2001-2008 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м. а., Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болған.
2014-2017 жылдары Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі қызметін атқарса, 2017-2018 жылдары Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болды.
Кейін "Нұр Отан" партиясының хатшысы болып тағайындалды.
2019-2020 жылдары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" акционерлік қоғамының президенті, Қазақстан Республикасы Президентінің штаттан тыс кеңесшісі қызметтерін атқарды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау жөніндегі жетекші бөлім маманы болды.
2022 жылғы 11 сәуірде Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды. Ал биыл 8 маусымнан бастап премьер-министрдің орынбасары - еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также