01 тамыз 2020 | 11:50

Тамызда ауа райы қандай болады?

"Қазгидромет" өкілдері тамыз айына арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Қазгидромет" өкілдері тамыз айына арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Күннің ұзақтығы тамызда солтүстік облыстарда 2 сағатқа, оңтүстік облыстарда 1 сағат 20 минутқа қысқарады. Еліміздің басым бөлігінде орташа айлық ауа температурасы тамыз айында шілде айынан +2+2,5 градус, ал оңтүстік облыстарда 1 градус төмен. Қазақстанның солтүстігінде орташа айлық ауа температурасы +16+20 градус болады және оңтүстікке қарай +27+29 градусқа дейін жоғарылайды. Тау бөктеріндегі аудандарда биіктеген сайын ауа температурасы төмендейді +24 градустан (теңіз деңгейінен 450 метр биіктікте) 7,5 градусқа дейін (3 шақырым биіктікте).

Реклама
Реклама

Ауа райының консультативтік болжамына сәйкес, жаздың соңғы айында ауа температурасы климаттық норма шамасында күтіледі.

Жауын-шашынның едәуір көп болуы және қатты құрғақшылық, әдетте, тамыз айында сирек кездеседі. 2020 жылғы тамыз айы да басқа жылдардан ерекшеленбейді: жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде норма шамасында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батыс бөлігінде, сонымен  қатар Алматы облысының тау және тау бөктерлі аудандарында - нормадан көп, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында және Ақтөбе облысының оңтүстігінде - нормадан аз болады.

Тамыздың бірінші онкүндігінде тұрақсыз ауа райы циклондармен, атмосфералық фронттармен байланысты болады, олардың өтуі қысқа мерзімді жауын-шашынға, батыс, солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарда күшті жауын-шашын, сондай-ақ желдің күшеюіне әкеледі. Найзағай құбылыстары мен бұршақтың түсуі шілде айына қарағанда аз болады деп күтіледі.

Қазақстан Республикасының басым бөлігінде ауа температурасының жоғары фоны болжанады: түнде +15+25 градус шамасында, күндіз +27+37 градус, оңтүстікте +40 градус дейін жоғарылайды. Тек батыста, шығыста және оңтүстік-шығыс аумақтардың таулы аудандарында, Скандинавия мен Таймыр аудандарынан суық ауа массаларының енуіне байланысты бірінші онкүндіктің ортасында ауа температурасы түнде +10+15 градусқа дейін, күндіз +20+27 градусқа дейін төмендейді.

Екінші және үшінші онкүндіктерде жаңбырлы және салқын күндер ыстық және аз бұлтты күндермен ауысады.

Еліміздің солтүстік жартысында ауа температурасының ауытқуы түнде +12+20°С-тан +7+15 градусқа дейін, күндіз +23+30 градустан +15+23 градусқа дейін, ал оңтүстік жартысында және батысында түнде +15+23 градустан +10+18 градусқа дейін күндіз +30+39 градустан +23+30 градусқа дейін күтіледі.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная