01 тамыз 2023 09:18

Тамызда ауа райы қандай болады?

Дина Шарипханова Корреспондент

Синоптиктер тамызда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер тамызда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тамыз жаз маусымын аяқтайды және Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райынан басталады. Атмосфералық фронттардың өтуімен жауын-шашын, найзағай, бұршақ және екпінді жел күтіледі.

Айдың бірінші онкүндігінде ауа температурасының шамалы төмендеуі болжанады:

Реклама
Реклама

республиканың солтүстігінде, орталығында, шығысында түнде +12+22°С-тан +10+18°С-қа дейін, күндіз +30+35°С-тан +22+30°С-қа дейін,

оңтүстік өңірлерде түнде +20+27°С-тан +18+23°С-қа дейін, күндіз +34+42°С-тан +28+35°С-қа дейін.

Еліміздің батысында ауа температурасының түнде +13+20°С-тан 20+25°С-қа дейін, күндіз +25+30°С-тан +33+41°С-қа дейін; оңтүстік-батыста түнде +20+25°С-тан + 25+30°С-қа дейін шамалы ауытқуы күтіледі, күндіз ауа температурасы +30+40°С шегінде сақталады.

Тамыздың екінші және үшінші онкүндіктерінде республика аумағында барикалық түзілімдердің кезектесуі байқалатын болады. Ыстық және құрғақ күндер салқын және жаңбырлы, кейде найзағай мен бұршақпен ауысып отырады. Ауа температурасы солтүстік аймақтарда түнде +13+20°С-тан

+8+15°С-қа дейін, күндіз +17+25°С-тан +23+30°С-қа дейін ауытқуы, оңтүстік және батыс аймақтарда ауа температурасының негізгі фоны түнде +13+22°С, күндіз +28+38°С күтіледі.

Ескерту: бір айға арналған болжамды консультативтік ретінде пайдалану керек, ол кейіннен синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай түзетіледі және онкүндікке арналған ауа райы болжамдарымен нақтыланады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Қайрат Нұртас ұсталды