Тамызда құрғақшылық болуы мүмкін өңірлер аталды

Сұлу Бөлек Корреспондент
Тамызда құрғақшылық болуы мүмкін өңірлер аталды Көрнекі сурет pixabay.com

"Қазгидромет" РМК Қазақстанның тамызда құрғақшылық болатын аймақтарын атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазгидромет" РМК Қазақстанның тамызда құрғақшылық болатын аймақтарын атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Есеп бойынша, 2022 жылғы тамызда елдің солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында және орталығында, жекелеген аймақтарды қоспағанда, ылғалдандыру шарттары негізінен нормаға жақын болады.

"Қызылорда облысы Қармақшы ауданында, Маңғыстау облысы Қарақия және Маңғыстау аудандарында құрғақшылық болады деп болжанады. Сондай-ақ, Ақтөбе облысы Әйтеке би және Мұғалжар аудандарында, Қарағанды облысы Нұра ауданында, Қостанай облысы Амангелді және Жангелді аудандарында жауын-шашын тапшылығы күтіледі", - делінген хабарламада.

Жарнама
Жарнама

Ақтөбе облысы солтүстік және батыс бөлігінде, Атырау облысы Қызылқоға ауданында, Батыс Қазақстан облысы Сырым, Казталов және Ақжайық аудандарында керісінше, ылғалданудың оңтайлы жағдайлары күтіледі. Сондай-ақ, Алматы облысы Панфилов және Кербұлақ аудандарында да ылғалды болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама