ПОДЕЛИТЬСЯ
07 қыркүйек 2021 | 08:57
Тамыздағы аптап: 2008 жылғы сценарий қайталанды
Қазақстанда тамызда ыстық ауа райы байқалды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК синоптиктері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда тамызда ыстық ауа райы байқалды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК синоптиктері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бірнеше жыл бойы деректерді талдау барысында, тамызда ауа температурасы бойынша 2008, 2010, 2012, 2014, 2016 жылдардағы сценарий қайталанғанын түсінуге болады. Жауын-шашынның таралуы бойынша мұндай құрғақ ауа райы соңғы рет 2014, 2016 жылдары байқалған.
"Ауаның орташа айлық температурасы тамызда республиканың көп бөлігінде, әсіресе батыс және оңтүстік облыстарда климаттық нормадан 1-6 градусқа жоғары болды. Ең ыстық күндері батыс және оңтүстік өңірлерде ауа температурасы +38 +46 градусқа дейін жетті", - дейді синоптиктер.
Маңғыстау облысындағы Аққұдық метеорологиялық станциясында ауаның ең жоғары температурасы 8 тамызда тіркелді +45,7 градус, бірақ 2011 жылы +46,5 градус тіркелген.
"Тамызда күннің салқындауы да болды. Айдың ортасында және аяғында Солтүстік антициклон елдің солтүстігінде, орталығында және шығысында ауа температурасының төмендеуіне себеп болды, түнде ауа температурасы +3+7 градусқа, күндіз +15+20 градусқа дейін төмендеді. Республиканың оңтүстік-шығысында тамыздың ортасында ауа температурасы +3+10 градусқа дейін, күндіз +20+25 градусқа дейін, Алматы және Жамбыл облыстарының таулы аудандарында +13+18 градусқа дейін төмендеді", - деп толықтырды синоптиктер.
Нұр-Сұлтанда ең төмен ауа температурасы 30 тамызда (+17,3 градус) тіркелді, ең жоғары температура 7 тамызда (+33,9 градус) байқалды. Рекорд көрсеткіштер тіркелген жоқ, өйткені 2012, 2014 жылдары бір ай бойы күндізгі максимум +36+38 градус болған.
Айта кетейік, Қазақстанда 30 жыл бұрынғы рекорд маусымда өзгергені хабарланған болатын. 29 маусымда ең жоғары ауа температурасы +45,5 градус болды, бұл 1991 жылмен салыстырғанда 41,2 градусқа жоғары.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также