10 қаңтар 2021 | 11:38

"Таңғы 6-да тұрдық". Үйлену көйлегіндегі қалыңдықтар сайлауда дауыс берді

Сурет: astana.gov.kz

Желіде Қазақстан Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарын сайлау күні дауыс беруші қалыңдықтардың бірнеше суреті тарады. Қарағанды мен Нұр-Сұлтанда қыздар қалыңдық көйлегінде дауыс беруге келген. Қасында жолдастары бар. Жас жұбайлар сайлауға бару үшін ертерек таңғы алтыда тұрған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Желіде Қазақстан Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарын сайлау күні дауыс беруші қалыңдықтардың бірнеше суреті тарады. Қарағанды мен Нұр-Сұлтанда қыздар қалыңдық көйлегінде дауыс беруге келген. Қасында жолдастары бар. Жас жұбайлар сайлауға бару үшін ертерек таңғы алтыда тұрған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Суреттер әлеуметтік желілерде тарады. Желі қолданушылары фото Қарағандыда түсірілген деп болжап отыр.

Реклама
Реклама
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Almaty | Astana (@meganews.kz)

Кейін ерлі-зайыпты шынымен қарағандылық екені белгілі болды. Қала әкімдігінің ресми сайтында күйеуі мен әйелі үйлену күні дауыс беруге келгені туралы ақпарат жарияланды. Олар 59-шы мектепте орналасқан №73 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Нұрболат өртке қарсы қызметте жұмыс істейді. Қарлығаш - үй шаруасында. Қалыңдықтың айтуынша, ол үйлену көйлегінде сайлау учаскесіне келу үшін таңғы алтыда тұрған.

Бұл жас жұптың өміріндегі алғашқы сайлау емес.

"Өтініш берген кезде біз 10 қаңтарда сайлау болатынын білдік. Міндетті түрде бірге қатысамыз деген шешімге келдік. Бұл біздің азаматтық міндетіміз. Тек жақсылыққа үміттенеміз", - деді Нұрболат Нұртай.

Нұрболат пен Қарлығаш Қазақстандағы сайлауда дауыс берген жалғыз жұп емес. Нұр-Сұлтанда 10 қаңтарда Ботагөз Қалтаева мен Фахат Жанбеков үйленді. Олар № 144 сайлау учаскесінде дауыс берді.

"Бүгін біздің өмірімізде екі есе маңызды күн. Біздің еліміз үшін осындай айтулы күні отбасымыздың құрылғанына өте қуаныштымын", - дейді Ботагөз.

Еске салайық, Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау Қазақстанда 20.00-ге дейін жалғасады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная