Танымал адамдардың балаларының деректері желіге тарап кеткен: министрлік не дейді?

Дина Шарипханова Корреспондент
Танымал адамдардың балаларының деректері желіге тарап кеткен: министрлік не дейді? Фото © Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мун Kundelik-тегі деректердің тарап кетуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мун Kundelik-тегі деректердің тарап кетуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін желіде Қазақстандағы танымал адамдардың балаларына қатысты жеке деректер көрсетілген скриншоттар пайда болған еді.

Вице-министрдің айтуынша, жүргізілген тексеріс жүйе бұзылмағанын көрсеткен.

Реклама
Реклама

"Кодты физикалық немесе логикалық түрде бұзу дерегі болмаған. Себебі - адами фактордан", - деді Дмитрий Мун.

Оның сөзінше, жарияланған мәліметтер 2020 жылға дейін өзекті болған. Олар бұрын жүйеге заңды түрде кіре алған пайдаланушылардың есептік жазбалары арқылы алынған.

Соған қарамастан, Kundelik-ті әзірлеуші компания жауапкершілікке тартылған. Дмитрий Мунның айтуынша, Ақпараттық қауіпсіздік комитеті жеке деректерді қорғау саласындағы заңбұзушылықтар үшін компанияға айыппұл салған.

"Деректердің таралуы мен киберқауіпсіздік мәселелері бойынша айыппұлдарды жыл сайын арттырып келеміз. Қазір жаппай дерек тарату жағдайлары үшін жауапкершілікті бірнеше есе күшейту мәселесі де қарастырылып жатыр", - деді вице-министр.

Ол мемлекет жеке деректерді, әсіресе балалардың мәліметтерін қорғауға қойылатын талаптарды қатаңдатуға ниетті екенін атап өтті.

Министрлікте цифрлық платформаларды бақылауды күшейту және деректердің таралуы үшін жауапкершілікті арттыру негізгі бағыттардың бірі болып қала беретінін қосты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама