ПОДЕЛИТЬСЯ
03 қараша 2022 | 16:52
Танымал адамдарға қатысты іс қозғала ма? Бас прокурор жауабы
Бас прокурор Берік Асылов Қазақстанға қаражат пен активтерді қайтаруға қатысты жағдайды түсіндіре отырып, Tengrinews.kz редакциясының танымал адамдарға қатысты іс қозғала ма деген сауалына жауап берді.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бас прокурор Берік Асылов Қазақстанға қаражат пен активтерді қайтаруға қатысты жағдайды түсіндіре отырып, Tengrinews.kz редакциясының танымал адамдарға қатысты іс қозғала ма деген сауалына жауап берді.
"Заң бойынша соталды тергеп-тексерудің деректері жария етілмейді. Содан кейін белгілі бір адамның айналасында шу шықса, ол активтерді жасырып, басқаның атына жазып немесе тез сатып жібере алады. Әр нәрсенің өз уақыты бар. Қазіргі уақытта мәліметтерді зерделеу, талдау жұмыстары жүргізіліп жатыр, нәтижесі шыққан кезде міндетті түрде хабарлаймыз. Әрбір қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталғаннан кейін оның нәтижесі халыққа хабарланады", - деді Берік Асылов.
Сондай-ақ, бас прокурор жеке тұлғаларға, атап айтқанда олигархтарға қатысты шектеулер немесе тыйымдар бар ма деген сұраққа жауап берді.
"Комиссия жұмысында ешқандай шектеулер жоқ. Жұмыс тұрақты, дәйекті, берік жүргізіледі. Айталық 50 адамнан тұратын тізімді жасап, оларды және активтерін бұғаттай алмаймыз. Бұл заңсыз. Мемлекет басшысы бізден дәйекті, ең бастысы, заңды жұмысты талап етеді", - деді Қазақстанның бас прокуроры Берік Асылов.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также