Танымал ғалым Әнуар Ғалиев өмірден өтті

Танымал тарихшы ғалым Әнуар Ғалиев өмірден өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Танымал тарихшы ғалым Әнуар Ғалиев өмірден өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ғалым 19 мамырда таңертең ұзақ аурудан кейін қайтыс болды. Әнуар Ғалиев өмірін тарихты зерттеуге, оның ішінде, этносемиотиканы зерттеуге арнаған ғалым. 

Айта кетейік, Әнуар Ғалиев 1959 жылдың 10 тамызында Шымкентте дүниеге келген.

Реклама
Реклама

Тарих ғылымдарының докторы, профессор. Қазақ Мемлекеттік заң университетінің Халықаралық Қыпшақтану орталығының аға ғылыми қызметкері. 1981 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің тарих факультетін тәмамдаған.

Тарихшы, этносемиолог. International Assotiation for Semiotic Studies атқарушы комитетінің мүшесі; American Index for Central Asian Scholarship (АҚШ), Алтайлық зерттеу (РАН антропология және этнология институты), Cultural Values (СПбГУ, филология факультеті) редакциялар алқасы мүшесі.

Басты зерттеу бағыттары - түркі және иран тілді халықтардың таңбалау жүйесі, Орталық Азия халықтарының дәстүрлі институты болған. 

Алматы, Киев, Уфа, Владикавказ, Грозный, Омбы, Анкара, Блумингтон және Саппоро қалаларында Халықаралық конференцияларға қатысқан.

60-тан астам ғылыми еңбегі Қазақстан, Ресей, Украина, АҚШ және Жапонияда жарияланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Сымбат Сатыбалдина
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная