ПОДЕЛИТЬСЯ
23 наурыз 2022 | 10:14
Танымал қазақстандық актер Юрий Померанцев қайтыс болды
Танымал қазақстандық актер Юрий Померанцев 100 жасында дүниеден өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақпаратты Михаил Лермонтов атындағы Ұлттық орыс драма театры растады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Танымал қазақстандық актер Юрий Померанцев 100 жасында дүниеден өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақпаратты Михаил Лермонтов атындағы Ұлттық орыс драма театры растады.
Юрий Померанцев 1923 жылы 11 ақпанда Киевте дүниеге келген. 30-жылдары әкесі Қарағанды шахтасында жұмыс істеп, отбасы осы қалаға көшіп келді. Бірақ 1938 жылы әкесі атылып, кішкентай Юра анасымен бірге Мәскеуге көшуге мәжбүр болады. Мектеп бітірген жас түлек соғысқа аттанып, жаралы болып оралады.
Ұзақ емделгеннен кейін 1943 жылы Алматыға көшіп келіп, кейін анасын көшіреді. Театрға деген махаббаты осыдан басталған. Юрий Померанцев алғаш рет Наталья Сацтың балаларға арналған жаңадан ашылған театрының "Қызыл телпек" спектаклінде қасқырдың рөлін сомдаған. Осылайша арнайы білімі болмаса да, актерлық мансабы басталады.
Померанцев 79 жыл сахнада 300-ден астам рөлді сомдаған. Ол 1957 жылы "Біздің сүйікті дәрігер" фильміне түсіп, доктор Анатолий Николаевич Лавровтың рөлін сомдағаннан кейін танымалдылық пен халықтың ыстық ықыласына ие болады. Қазақстанның Еңбек Ері, көптеген ордендердің, соның ішінде Еңбек Қызыл Ту, Отан соғысы және "Отан" ордендерінің иегері.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также