Танымал неміс сырасын қайнатқан: Алматыдағы жасырын цехтің видеосы көрсетілді

Танымал неміс сырасын қайнатқан: Алматыдағы жасырын цехтің видеосы көрсетілді Бейнеден алынған кадр

Алматыда полиция сыраны заңсыз өндірумен айналысқан жасырын цехтің жолын кесті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматыда полиция сыраны заңсыз өндірумен айналысқан жасырын цехтің жолын кесті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, жасырын цех жертөледе орналасып, онда алкоголь өнімінің толық өндірісі ұйымдастырылған. Құқық қорғау органының қызметкерлері тінту барысында арнайы қайнату жабдығын, сыра дайындауға арналған шикізат, сондай-ақ дайын өнімді құюға және сақтауға арналған ыдыстарды анықтады.

Заңсыз айналымнан 7 мың литрге жуық сыра, сонымен қатар құюға арналған кегтер, шыны ыдыстар мен алкоголь өнімдерін дайындауға қажетті шикізат тәркіленді.

Жарнама
Жарнама

Полиция жасырын цехтан бейнежазба жариялады. Кадрлардан өндіріс процесін, жабдықтарды және дайын өнімді, соның ішінде көне әрі танымал неміс сыра маркасы таңбаланған кегтерді көруге болады.

Аталған дерек бойынша барлық мән-жайды анықтауға бағытталған тексеру амалдары басталды, Қазақстан заңнамасына сәйкес процессуалдық шешім қабылданады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Екібастұзда өз үйінде жасырын алкоголь өндіру цехін ашып алған ер адам анықталған болатын.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама