03 наурыз 2022 12:36

Тараптардың ешқайсын қолдамаймыз - қорғаныс министрінің орынбасары Ресей мен Украина қақтығысы туралы

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: ©РИА Новости

Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов Ресей мен Украина қақтығысы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов Ресей мен Украина қақтығысы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстың Қазақстанға еш қатысы жоқ. Біз тараптардың ешқайсын қолдамаймыз. Бұл тұрғыда сұрақ туындауы мүмкін емес", - деді Камалетдинов Сенат отырысында.

Журналистер Камалетдиновтен Қазақстан Қарулы Күштері қауіпсіздікті қамтамасыз ете ала ма деп сұрады.

Реклама
Реклама

"Әрине, бұл мәселе бәрін алаңдатады. Кеше министр айтқандай, Қарулы Күштер қойылған міндеттерді орындауға дайын деп үміттенеміз. Кепілдік (Қазақстандағы бейбітшілік пен қауіпсіздікке - еск.), әрине береміз, бұл анық. Мемлекеттегі Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құрамалар сол үшін, өйткені міндетіміз - егемендік пен аумақтық тұтастықты қамтамасыз ету", - деп сендірді Камалетдинов.

Бұған дейін қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен өткен кездесуден кейін Қазақстанда қандай қару сатып алуға шешім қабылданғанын айтқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram