17 қараша 2020 | 18:20

Тараз әкімдігі 20 миллион теңгелік чартер кімге арналғанын айтты

Фото: pixabay.com

Жамбыл облысының әкімдігі "аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың Татарстанға ұшуына арналған чартерлік ұшақ" туралы ақпаратқа түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл облысының әкімдігі "аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың Татарстанға ұшуына арналған чартерлік ұшақ" туралы ақпаратқа түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

PROTenge Telegram-каналында құны 20 миллион теңгеден асатын лот туралы ақпарат пайда болған.

Реклама
Реклама

"Әкім Сапарбаевқа арналған чартер ме? Тараз Қазан (KZN) - Тараз (DMB) - Қазан (KZN) чартерлік рейсіне бюджеттен 20,7 миллион теңге жұмсауға дайын.

Чартермен кім ұшады деп ойлайсыздар? Татар халқымен достықты қолдайтын әкім бе? Не болмаса, ауыр науқас балаларды емдеу үшін ұшақпен жібере ме? Қазақстандық дәрігерлер тәжірибе алу үшін чартерлік ұшақпен ұшатын шығар?", - деп жазады жазба авторы.

Тараз әкімдігі рейс дәрігерлерге арналғанын мәлімдеді.

"Қазан - Тараз - Қазан" чартерлік рейсі медициналық көмек көрсету және коронавирус инфекциясы мен пневмонияны емдеу бойынша тәжірибе алмасу мақсатында Татарстан Республикасынан дәрігерлер келуіне арналған.

Облыстық әкімдіктің басшылығы іссапарларда тек әдеттегі рейстік ұшақтарды пайдаланады", - деді әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная